Сөйле деп маған сөз бердің
Бұл бетте «Сөйле деп маған сөз бердің» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сөйле деп маған сөз бердің
Тойыңда, жұртым, қолқалап.
Сыйлаған сонау көздердің
Жанымды оты кетті орап.
Сөзімді халқым қаласа,
Тартыну, сірə, жоқ маған.
Кəдеңе жырым жараса,
Өзгені мен де жоқтаман.
Мысқалдап алтын қазғаннан
Кем емес өлең жолдары.
Тасқа ойып бірақ жазғаннан
Жадыңда жақсы қалғаны!
Қайрылсаң, жұртым, күнде оған,
Қараған жандай үміт қып,
Өлеңде ешбір жоқ арман,
Жаныңды жатса жылытып.
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі