Шалдық пен шаттық

Бұл бетте «Шалдық пен шаттық» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тойыңа сенің, туған ел,
Асығып жеттім құс болып.
Қаққызды қанат тым жедел,
Кеудеме ғажап күш қонып.
Шақырсаң қандай қиырға,
Шаршадым, сірə, демеспін.
Құшағың сенің жылыда
Шалдықты сезер емеспін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері