Ашық жол
Бұл бетте «Ашық жол» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құмармын сонша көктемге
Қуатқа толы тынысы.
Қуана күліп жеткенде
Құшады дəйім жылысы.
Көресің байтақ өңірде
Қосылып жатқан көп өмір:
Құлпыра өскен көгі де
Секілді түгел өлең-жыр.
Безеніп шыққан ел Майға
Ұқсайды қандай көктемге!
Дер едің жұртты ондайда
Өзі де гүлдеп кеткен бе?!
Жамырап бірге жас бұтақ,
Ашыпты түгел бүрлерін;
Жабыла о да құттықтап
Сермейді шоқ-шоқ гүлдерін.
Жапырақ жайған ағаштар
Сүйкімді қандай, қарап көр.
Жазыңа жомарт жол ашқан
Секілді жасыл семафор...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі