Көңіл жұлдызы
Бұл бетте «Көңіл жұлдызы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Есімде менің Жерошақ,
(Жерошақ – жер аты)
Көгілдір өзек, қызғылт тас...
Ойланып енді қарасақ,
Өтіпті бір сəт ұмытпас.
Көзімді тартып сымбаты
Көріп ем сонда мен бір қыз.
Көңілдегі үміт сияқты
Күлімдеп еді көп жұлдыз.
Қасымда текке жасқанған
Қарауға батпай сол қызға.
Қалтырап тұрған аспанда
Қарап ем алыс жұлдызға...
Сақталды ма екен көңілде
Сағынышқа ұсап сол бір қыз?
Көрінер ме екен көгімде
Қарасам əлі сол жұлдыз?!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі