Саз күші

Бұл бетте «Саз күші» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кəрілікке қиып өзіңді,
Қаужиып үйде жатпайсың.
Көңілдегі ұшқыр сөзіңді
Қайырған құстай баптайсың.
Қаласаң, бəлкім, ол сені
Қиырға талмай ұшырар.
Көтерген биік еңсеңді
Қанатың шығар осылар!
Кеудеңде күшті сол барда
Тірлікке жəне тоймайсың.
Шықсаң да шырқау жолдарға
Жуырда шаршай қоймайсың.
Түгіне қаяу түсірмей
Түрленте беруді ойлайсың.
Қызыға жүзген кісідей
Тереңге дəйім бойлайсың!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері