Тыныштық, дамыл көрмеймін
Балалар адам болсын деп.
Толғанып күнде терлеймін
Тұғырға солар қонсын деп.
Олар да мені өмірі
Ойламас деймін өлсін деп.
Өрекпіп тұрған көңілі
Өкінтіп кенет сөнсін деп.
Оларға мен де тілеймін,
Тірлікте қызық көрсін деп.
Жүрмін деп бірақ білмеймін,
Өзімді солар көмсін деп.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі