Сүт мінез
Бұл бетте «Сүт мінез» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жастықша, тауым, жастанып,
Төсенем торғын көрпемше.
Телміріп тұрмай жасқанып,
Төріңді кезем еркеңше.
Əжімді қартаң жүзіңнен
Аңғарам ылғи мейірім.
Жүргенде сондай сезіммен,
Өзгеге қалай кейірмін!
Барыңды əсте жасырмай
Алдыма түгел тартасың!
Өсірген балаң осылай
Өзіңе неге тартпасын!
Үлгісін сенен үйренген
Шығарсын ұлың неге ойдан.
Сыйлармын жұртты өлеңмен
Шағымда мен де ұлғайған...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі