Ешкімнен ойламаймын озамын деп

Бұл бетте «Ешкімнен ойламаймын озамын деп» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ешкімнен ойламаймын озамын деп,
Оның да, озып алсаң азабы көп...
Алдымда жетер өрім болса əйтеуір,
Қолымды соған тынбай созамын тек.
Осылай жеттім өрлеп алпыс жасқа,
Жігіттер, ендігі ойым тіпті басқа:
Осынау өзім шыққан биігімнен
Аз демен, себім тисе артқы жасқа.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері