Не пайда өлең жоқта құр атымнан

Бұл бетте «Не пайда өлең жоқта құр атымнан» атты Ғали Орманов жазған поэзия туралы өлең берілген.

Не пайда өлең жоқта құр атымнан,
Сеземін айрылғандай қуатымнан.
Мен елді, ел де мені естімейді,
Танадай тым-тырыспын құлаққа ұрған.
Белгіге ұқсаса тек ұзақ тұрған,
Торығып, күдер үзбес кім ақыннан!
Қысылып, төсегімде дөңбекшимін,
Кейде бір үнсіз жүрген ұятымнан…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері