Ұлылық

Бұл бетте «Ұлылық» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Не деген көнбіс қара жер?
Тепкілеп күнде таптаймыз.
Тарықсақ тағы сүйенер
Таяныш ондай таппаймыз.
Қысырап қалса кейде жер,
Қиналып қатты даттаймыз.
Болмаса сая сол егер
Шыбынды қайда сақтаймыз?
Қайырын үзбей тигізген
Қайталап одан кім сұрар...
Үндемей өзін сүйгізген
Ұлылық, сірə, сол шығар!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері