Тау кеші
Бұл бетте «Тау кеші» атты Ғали Орманов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жылжиды əрең кешкі бұлт
Ұзақ көшкен керуендей,
Таудан тауып жақсы жұрт,
Дамылдауға келгендей.
Жамырайды мұз бұлақ
Маңайыңда жарысып;
Маңырайды қозы, лақ
Мал ішінде табысып.
Одан өзге толас үн,
Тау тым-тырыс, жел тынып.
Соның бəрін шоласың
Дөң басында сен тұрып.
Биіктерде тұр шапақ
Күн асарда жиектен.
Қызыл арай, зер шашақ
Ту сықылды шың біткен.
Сол туларды көтеріп
Жүргендейсің сен бірге.
Жоғарырақ əкеліп,
Ілгендейсің сеңгірге!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі