Өшпес өмір оттары
Бұл бетте «Өшпес өмір оттары» атты Ғали Орманов жазған өмір туралы өлең берілген.
Оттар көрем кейде бір
Ескерткіште маздаған.
Елестейді бейне бұл
Өлеңімдей жазбаған.
Есімдері ол ерлердің
Ел көңілін қозғаған.
Естеріңде сендердің
Ертегідей аз ба адам?
Тамызғандай осыдан
Төңіректе от тұр жанып,
Тіршілікке қосылған
Таусылар ма бұл жарық!
Қаншама ердің аттары
Содан өзін танытты.
Өшпес өмір оттары
Мəңгі лаулап қалыпты.
Өз отыңды сенің де
Солар шығар тамызған?
Ерлер аты елінде
Өшер ме əсте аңыздан!
Жұрт аузына тараған
Жыр деп ұғар оны əркім.
Сонау самсап қараған
Көзі болар солардың?!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі