Сыр есігі
Бұл бетте «Сыр есігі» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алдыңа, жұртым, келгенде
Ағытпас сырды жоқ жайым:
Жаңа бір оттар кеудемде
Жанады маздап əрдайым.
Соларды дəрмен көрмесем,
Өлеңге сені қосар ма ем.
Араңа əрі келмес ем
Ағыл да тегіл осы əнмен.
Отырар едім тоң-торыс
Ортаңда тосын қонақтай.
Қарар ең сен де тым-тырыс,
Ойыңа онша жолатпай.
Жөнелер едім сыр бермей,
Көрмеген жанша ешкімді.
Есігі жабық үйлердей
Қалар ең ашпай ішіңді.
Сөзімді бірақ қаласаң,
Сыйыңнан маған сол артық.
Сырыңа байып əрқашан,
Аттанам ылғи соны артып.
Сондықтан сені толғамай
Тежемен тіл мен жағымды.
Жаным да сонда жырға бай,
Сөзім де сонда жалынды!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі