Ілияс ескерткіші

Бұл бетте «Ілияс ескерткіші» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақын музейінде

Арынды сенің Ақсуың
Əкелді мені, Ілияс.
Жаңғырған елге жақсы үнің
Жан едің бізге тым қимас.
Өмірің өшпес жыр өңкей,
Ұдайы ұстаз тұтамын.
Айнымас сол бір жүректей
Қасыңда тұрсын кітабым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері