Шопандар тойында
Бұл бетте «Шопандар тойында» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Ақсу сапарынан)
Тап болдым тойларыңа Үш төбеде,
Мұндай той тұтқиылда тұс келе ме?
Жасаған қазақ үйден қалаларың
Кірмесін ертегідей түске неге?
Кілемдей көк майсаға көміп аяқ,
Қалаңды араладым мен де аяңдап.
Маздаған маңдайшада алтын жазу
Малшының мақтанышын тұр баяндап.
Кеудесін дүбірлеткен талай-талай,
Ертеде көрген шығар тойды Шадай
(Шадай – Ақсу бойындағы үлкен көк орай жазық аты)
Ат болса, ауқаттының тақымында,
Көрді ме бірге қызық жарлы мен бай?
Малшы алған тойда қазір төрден орын.
Сүйсінер сымбатына көрген оның.
Бітімі сахараның батырындай,
Шытырман көкірегі толған орден.
Осылай көре-көре тойда əркімді,
Таныдым талмас талап, ойларыңды.
Өзгеден еңбегімен озық тұрған
Көрейін қашан болсын бойларыңды!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі