Қай заман қара шашты қар басқалы
Бұл бетте «Қай заман қара шашты қар басқалы» атты Ғали Орманов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қай заман қара шашты қар басқалы,
Қылаулап қасыма да жармасты əрі.
Тапсам тек сол өңірден жылы өлеңдер,
Тастайды таңырқатып көп жастарды.
Күмістей ағарса да шашым тұтас,
Көп оттар көкіректе жүргенге ұқсас.
Беті қар, бойы жылы жер секілді
Менің де жайым барын кімдер ұқпас.
Көктеген қар астында бəйшешектей
Жатар ма өлең оты бой көрсетпей;
Нəр барған өзегіне өсімдікше,
Жыр жазған шыдар ма əсте сыртқа теппей!
Айтылған ой емес бұл сөзге орай тек,
Қыстырған қысыр сөзді тілге оңай деп.
Көңіліңнің қозғар ма екен пернесін бір,
Оқушым, өлеңіме бір қарай кет!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі