Қартаң тартқан кісімін, əрине, ме

Бұл бетте «Қартаң тартқан кісімін, əрине, ме» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қартаң тартқан кісімін, əрине, мен,
Ауық-ауық ұйқысы əлдилеген.
Жастайымнан жарасып бір жасасқан
Жатырқамай алайда таниды өлең.
Құсыма ұқсас ол менің қолға үйреткен,
Қаратқамын алысқа сан биіктен.
Шақыртқымдай қаламды қолыма алсам,
Құйылғанын байқаймын көкжиектен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері