Қайнар

Бұл бетте «Қайнар» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қартаң тартқан кісімін менің өзім,
Шарықтауға шабандау кейде сөзім.
Шабытымды сонда да шақырғандай
Шартараптан көремін өлең көзін.
Сарай соқса сəулетті жұрт өмірлік,
Сахараға сəн беріп, күлсе тірлік;
Кеудесіне құйғандай күн қуатын
Сылдырайды бəрінен жыр төгіліп.
Көңілімді сол қозғайды дамыл бермей,
Қартаюға, қажуға халым келмей,
Жаным жүзіп соларға, өлең жазсам,
Жасаңғырап қаламын кəдімгідей.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері