Аралап қайда барсаң да
Жұтасың дəйім жер иісін,
Əдетің соны қашан да
Ауаға, гүлге жорисың.
Қарайсың əсем гүлдерге
Қызылды-жасыл құбылған.
Маңына жуық жүргенде
Қызықпас дейсің кім бұған!
Сүйсіне соны құшақтап,
Құмарта көкке аунайсың.
Тұрса да бəрін жер сақтап,
Ойыңнан əсте аумайсың.
Қара жер, сірə, тек жатқан
Сездірмес, бəлкім, саған түк…
Үндемей иісін таратқан
Бəрінен, шіркін, сол артық!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі