Күн нұры

Бұл бетте «Күн нұры» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Турылған шымды алқапта
Толқыта шашша тарайсың.
Торғындай жұмсақ топыраққа
Тоғытып дəнді орайсың.
Кестесін жаяр кешікпей
Келісті дала көк тартып,
Кенелтер елді несіптей
Көмкерер түзді көк барқыт.
Ертеңгі шыққа оранған
Егіннің əсем бұл кезі.
Қарайды саған солардан
Күлімдеп қыруар күн көзі.
Жайқалып жерді жасырған
Жайына жаның күнде шат.
Дəулетке үстеп қосылған
Қарайсың ылғи бір жасап.
Сыры бар алуан егіннің,
Сүйсіне сезбес кім мұны?
Күшіне ұқсас еліңнің
Қауызы толы күн нұры.
Кезінде соны оруға,
Асықпай қалай төзерсің!
Тұрғанын сол от қолында
Өзің де дəйім сезерсің...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері