Дүниеде өмір сүргенім
Бұл бетте «Дүниеде өмір сүргенім» атты Ғали Орманов жазған өмір туралы өлең берілген.
Дүниеде өмір сүргенім
Көбейтіп достар дүрмегін,
Байыптай білген кісіге,
Ермегім емес құр менің.
Даламды кезсем, көремін
Қызықты кесте түрлерін.
Жырыма тынбай теремін
Жерімнің əсем гүлдерін.
Соларға нұқсан түсірмей,
Баға алсам болды күнбе-күн.
Əйтпесе, селкеу кісідей
Неге сеп менің жүргенім?
Жақсы иісін жұртқа таратып
Тұрса екен деймін ол əр күн.
Сіміре сонша құмартып,
Сүйсе екен деймін оны əркім!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі