Əуелі оны көрдім мен

Бұл бетте «Əуелі оны көрдім мен» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Əуелі оны көрдім мен
Азырақ алыс шағында.
Құбылып алуан көрінген
Дедім бұл, бəлкім сағым ба?
Алдымда қазір тұр міне
Əдемі сұлу тіл қатпай.
Тануың қиын тым мұны
Толқыған дəйім сынаптай.
Əйтеуір сыры қараңғы,
Айта алмас ешкім дəл сілтеп...
Танимын десең адамды
Көңліңнің көзі көрсін тек!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері