Ұмытылғанның өкініші
Бұл бетте «Ұмытылғанның өкініші» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аяғым кейде ауырып, кетеді ашып,
Тұрғандай болам ылғи тікен басып.
Қиналып, соған қатты кейігенде,
Өзімнен өзім қайда кетем қашып!
Улатып қан тамырды көк түтінге,
Аунақшып мазам қанша кетті түнде.
Денемде ине шаншар сау жерім жоқ,
Сыртымды баламасаң тек бүтінге.
Тірнектеп жылдар бойы жиған дерттен
Сауығу қиын шығар бүгін-ертең.
Ауырлап, аяғымды басам əрең,
Адамдай дерт біткенді соңына ерткен...
Тұрғанда балғын денең дерттен аман,
Соңыңа соны қолдан ертпе, балам.
Жұқтырсаң сау денеңе жоқтың татын,
Ұқсауың қиын емес ертең маған!
Ердім мен түрлі əуеске ерке адамдай,
Жүргендей жұқтыратын дерт таба алмай
Денемді шылым уы алды жеңіп,
Не сорым екен соны ерте қоймай!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі