Сыр сыйы
Бұл бетте «Сыр сыйы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сыртынан Сырға қарасаң,
Сұлу деу оны тым қиын.
Қамысы қалың орасан,
Шеңгелі жыныс жіп-жиі.
Жиденің иісін сезгенмен,
Ойлайсың қоса масасын.
Беттемей содан безгенмен,
Жеріңнен қайда қашасың!
Ежелден сонша қыдырлы
Сыр суы жомарт енеңдей.
Аралап өтсе қырыңды,
Қоймайды елің кенелмей.
Кенелген өңір белгілі:
Келісті тартар көркі оның.
Көзіңмен көр де сен мұны,
Қызығын түгел шерт оның.
Сүйсінген, бəлкім,
ойыңнан
Сылдырап əсем жыр шығар.
Қыдырлы Сырдың бойынан
Құйылып өлең тұр шығар!
Аралап Асқар,
Əбділдə
Арылтқан жерлер осылар.
Менің де бірақ алдымда
Сақтаулы сыйы бар шығар!..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі