Шиелі жерінде

Бұл бетте «Шиелі жерінде» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ерлікке елдің еңбегін
Балаймын ылғи Сырда мен.
Аралай жүріп көргенім
Секілді өңкей жыр да өлең.
Тамыры тұтас жалғасқан
Қопарып шеңгел, жыңғылды,
Қайырып Сырды, жол ашқан
Қатыгез шөлге мың жылғы.
Жетелеп суды əркімдер
Барады бірге жүгіртіп.
Балауса күріш, егіндер
Алдында соны тұр күтіп.
Құныға жұтып толқынды,
Қанады түгел Сырға олар.
Қауызын дəнге толтырып
Дақылдар түрлі ырғалар.
Байыптап бəрін Ыбырай
Тынысын тыңдар солардың.
Даланың дастан жырындай
Шалынар көзге ол əр күн!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері