Жер дəмі
Бұл бетте «Жер дəмі» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тудырған түрлі əңгіме, нелер аңыз
Сыр бойын сіз де бірге аралаңыз.
Бақшада бадырайып тартады көз
Теңкиген торлы қауын, ала қарбыз.
Қарбыздар қарш айрылар пышақ салса,
Қауындар сыяр емес құшаққа алса.
Солардың жан сүйсінткен əсем дəмін
Сіз-дағы құмартарсыз бір татқанша.
Томырылып қантқа ұқсайды қарбыз іші,
Аңқиды аймағына қауын иісі.
Сыртынан сықырлата сыға ұстап,
Шерткенде-ақ шырындарын таныр кісі.
Бағумен өседі екен соның бəрі,
Көп екен, күте білсе, бағу мəні...
Алайда осыларға көп қараймын
Тұрғандай Сыр бойының барлық дəмі.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі