Кезімде баспалдақпен көтерілген
Бұл бетте «Кезімде баспалдақпен көтерілген» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кезімде баспалдақпен көтерілген,
Текшеге тоқтай-тоқтай өтемін мен.
Алқынып аяғымды басам əрең,
Тұрғандай біреу тартып етегімнен.
Тыңдаймын жүрегімді дүркін-дүркін,
Лүпілдеп жүргізбейді емін-еркін.
Ақырын арт жағыма қарап қоям,
Жармасып жатыр ма деп кəрілік шіркін!
Кеудемнің шуына да түрем құлақ.
Жатқандай біреу күліп, біреу жылап...
Сыпырып сырт киімді тастағандай
Сытылып кете алмаймын не лаж бірақ!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі