Іле сыры
Бұл бетте «Іле сыры» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қашанғы сараң кəрі Іле,
Хақым жоқ сырыңды айтпасқа.
Қарысар күш жоқ кəріңе,
Қайрылмай ақтың Балқашқа.
Құйып ап қыруар өзеңді,
Қиырға тарттың татқызбай.
Ерніміз қанша кезерді
Қасық су түзде тапқызбай.
Есілген құмы арнаңда
Ентелей ақтың тоқтамай.
Еңкейе тұрып жарларға
Қызығын көрді тек тоғай.
Телміріп екі жағыңда
Шөлдеген сұлық жер жатты.
Қарай да қарай ағынға,
Қашан да өзін алдапты...
Толқының толы нұрыңды
Тастапсың терең лайға.
Таппапты оны ел бұрынғы,
Көрмепті тіпті құдай да!..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі