Бақыт құшағы
Бұл бетте «Бақыт құшағы» атты Ғали Орманов жазған бақыт туралы өлең берілген.
Жүз жасын тойлар тұста Лениннің біз,
Көреміз бар тұрғыдан өмірлік із.
Қараймыз мейірім төге анасына,
Дегендей тым ерекше орыныңыз.
Рахатқа жаны жүзіп отыр ана,
Топ бала төңірегі топырлаған.
Соларды шексіз сүйген махаббатын
Айнытпай дидарынан оқыр адам.
Анна, Ольга, Саша, Митя, Володясы,
Мария – бəрінің ең болар жасы,
Қылығы, мінездері қилы-қилы,
Бөлмейді бірін соның тек анасы.
Анаға баласының бəрі бірдей,
Бəрін де өсіреді дамыл көрмей.
Түрлері түгел тіпті сүйкімді оған,
Соған ол бір жасайды кəдімгідей.
Балалық жатса да өтіп бір сарында,
Анаға бəрі қызық бұл шағында...
Сонда тек қайран ана сезді ме екен
Тұрғанын бақыт шалқып құшағында!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі