Шертпеген кім сөзбен шебер
Бұл бетте «Шертпеген кім сөзбен шебер» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шертпеген кім сөзбен шебер
Өшпес жарық, өлмес жанды.
Халқы шексіз сүймесе егер,
Ешбір есім қалмас мəңгі!
Қимайды жұрт сүйіктісін
Жанға өлшеген жалғызындай.
Көтереді биікке өңшең
Сөнбес жарық жұлдызындай.
Ленинге ешбір жан теңгермей,
Дəл осылай сүйеді елім.
Тапқан халық жұртқа бірдей
Мəңгі айнымас сүйенерін.
Қарағанда өзге жұртқа
Мың есе ыстық Ленин бізге.
Санағанда мүлде жоққа,
Күн орнатқан жерімізге!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі