Жанымызға жəрдем берген
Бұл бетте «Жанымызға жəрдем берген» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанымызға жəрдем берген
Сол еді өлмес ұлы дастан.
Асырды асқар белеңдерден
Бағыттан бір бұрылмастан.
Қомсынатын бірін бірі
Ұлт кірбеңі болды ұмыт
Араласқан өлең, жыры
Секілдіміз түгел бір жұрт.
Жарлы, жалшы деген термин
Сөзімізден шықты мүлде.
Жандарымыз өнерлі елдің
Тірлігі тең, діті бірге!
Қазір түгел өнерлі жас,
Өр көңілді ұл менен қыз.
Дос, туысқан, мəңгі жолдас,
Елімізге жарық жұлдыз.
Қол жетпейтін қиялмен тең
Жеткізді елді соған Ильич.
Алда шексіз өрісі кең
Жерге орнады жаңа тұрмыс.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі