Жанымды жабырқатпай жаңғырт өлең

Бұл бетте «Жанымды жабырқатпай жаңғырт өлең» атты Ғали Орманов жазған поэзия туралы өлең берілген.

Жанымды жабырқатпай жаңғырт өлең,
Серпіле көтерілсін салғырт денем.
Жазбаған жасаң өңір аздық етпес,
Аралап ой өлкесін, аңдап көрем.
Көрмесе, көрмей-ақ сол қойсын мені.
Армансыз өзгелерге тойсын көңлі.
Əлі де алыс жолда шаршатпайтын
Алдымда жатыр айқын ой сілемі.
Əсте мен айнымаспын осы беттен,
Бұ жолмен талай қимас досым өткен.
Ұдайы қызығына түссем соның,
Өмірі шендестірмес қасіретпен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері