Қаңқу сөзден қашам мен

Бұл бетте «Қаңқу сөзден қашам мен» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қаңқу сөзден қашам мен
Қабырғама батқандай.
Көндім оған қашан мен,
Дұшпаным жоқ тап сондай!
Жуымаймын маңына
Бір пəлесі жатқандай.
Жолап кетсем, тағы да
Өңменімнен атқандай.
Еске алмаймын елесін
Ел аулаққа қашқандай.
Жүргеніңе не жетсін
Ештеңеден жасқанбай!
Жаман қылық, жат мінез
Жолыңды ылғи тосқандай.
Жарқын көңіл, жақсы сөз
Жаныңа нұр қосқандай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері