Ашумен шыққан өлеңім

Бұл бетте «Ашумен шыққан өлеңім» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ашумен шыққан өлеңім
Өзіне тартса болмай ма?
Тынысын тыңдап мен оның
Сілкінбес пе едім ондайда.
Ашуға татыр ащы сөз
Өзімде бірақ жоқ шығар.
Билеген адам сол мінез
Өмірге, бəлкім, көп шыдар!
Күйдірсе мінез күйгелек
Тыныштық кімге таптырар.
Мазасыз шіркей үймелеп
Жүйкеңді шым-шым шаққылар...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері