Құт мекені
Бұл бетте «Құт мекені» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шегі жоқ, ұлан-қиыр жеріміз кең,
Жүздесу қиын түгел елімізбен.
Ораған оңтүстігін асқар таулар,
Жапсарлас солтүстігі теңіз, мұзбен.
Көк орман, кеудесі түз, қырқа, адырлар,
Төсінде Байкал, Балқаш, Каспий, Арал.
Арнасын алыс тартқан өзендер көп,
Толқындай шөгіп-шөгіп жатыр құмдар.
Көмкерген төңірегін нелер теңіз,
Елдерміз мекендеген мұны ерте біз,
Өрбіген осы өңірде ырғын дəулет,
Ұдайы жерге берген берекеміз.
Болған жоқ басталғалы көп уақыт,
Қалт кетпей, бəріне ақын бол уақып;
Сықаған түкпірлерін түгел ырыс,
Кең Отан болады əлі толы бақыт!
Кімде-кім қуанышты күтсе ертеңгі,
Күмəн жоқ мақсұтына жұрт жетеді,
Қашан да халқымызды жарылқайтын
Жасаймыз жерімізді құт мекені!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі