Қаныш қолы
Бұл бетте «Қаныш қолы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Баянда Шыңғыс тауындай
Бар екен «Қоңыр əулие».
Одан да жылжып сағымдай
Өтіпті көшіп сан дүние.
Əулие жайын əуес қып
Адамдар онда көп келген.
Сөздерін дəйім тау естіп,
Басынан бəрін өткірген.
Қаныш та келген осында
Аралап жүріп тау-тасты.
Жазыпты атын тасына
Жолындай салған алғашқы.
Жазуға қарап көп тұрдым
Жасында жазған Қаныш ағаң.
Ойланар терең деп білдім
Келсе де мұнда қанша адам!
Баянға Қаныш байқамай
Жазған жоқ атын, əрине:
Жерінің сырын айтқандай
Қойыпты қолын мəңгіге!..
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі