Ақын ескерткіші
Бұл бетте «Ақын ескерткіші» атты Ғали Орманов жазған поэзия туралы өлең берілген.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың зиратында
Қадірлі сонша жұртына
Ақынның көрдім мүрдесін.
(Мүрде – зират мағынасында айтылып отыр)
Жатыр ол мəңгі ұйқыда
Мекендеп Баян іргесін.
Баяғы Баян – əлі жас,
Бұзбаған балғын көркін еш.
Ақынға таныс зəулім тас
Секілді өшпес ескерткіш.
Самсаған найза секілді
Қарағай киген тау, төбе.
Шашақтар таққан не түрлі
Сеңгірлер бейне сəукеле...
Баурында соның жатыр көл,
Мөлдірей қарап ақынға.
Тербетіп, бəлкім, жатыр ма ол
Ақынды мəңгі толқында?
Мүрдеге жазған жазуға
Қарадым қайта мен сол кез;
Іліге берді ауызға
Жадымда жастан қалған сөз:
«Жасамаймын еңбектің
Жемісін көзбен көрем деп.
Жасаймын бір қолқабыс
Кейінгіге берем деп».
Өткірдің жүзі осылай
Өрнегін шебер сала алмас.
Өзге сөз, айтсам жасырмай,
Жүрекке жолдар таба алмас!
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі