Мтацмында тауында

Бұл бетте «Мтацмында тауында» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Горгоссало көшесінен
Көз жібердім Мтацмындыға;
Көрдім сурет тау төсінен
Тап келгендей жақсы жырға.
Бұлдырайды шың басында
Ақ торғынға оранған қыз.
(Тбилисидің 1500 жылдығына арналып Мтацмында тауына ақ мəрмəрдан қыз бейнесі орнатылған)
Сəуле ойнаған тұлғасында
Жас ынтығы болар нағыз.
Бір қолында күміс бокал,
Бір қолында алмас қылыш.
Сол тұрысы жауға қатал,
Жəне медеу досқа тыныс.
Сездім мен де Тбилисиде
Сонша жылы дос құшағын;
Сонау қыздың бейнесінде
Дамылдаған жастық шағын.
Көрінеді қос бұрымдай
Қыз қасында өскен шынар.
Ол бір қымбат дос жырындай
Емес сірə естен шығар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері