Жаз алды

Бұл бетте «Жаз алды» атты Ғали Орманов жазған табиғат туралы өлең берілген.

Таулар басы ап-ала,
Қарайғанмен бөктері.
Өзен суы ботана,
Таптырмайды өткелі.
Жол қойыртпақ, жер батпақ,
Түгел аласапыран;
Қилы бұлақ ойнақтап,
Сай-саланы сапырған.
Жер жүйесін босатқан
Жаздың алды сол еді.
Құйып жатқан жан-жақтан
Соның алғашқы өлеңі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері