Жаз көркі
Бұл бетте «Жаз көркі» атты Ғали Орманов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Күле жайнап жаз келді,
Жасыл жібек көйлекті;
Жаз шіркіннің мəз көңілі
Бұлбұлды да сөйлетті.
Алатаудың бауырында
Алма ағаштар гүл атты.
Қаулай қонған жаз мұнда
Ақ көбелек сияқты.
Қырдың қырқа, ойында
Қызғалдақтар гүл ашты.
Қызыл таққан мойнына
Жас ұланша жарасты.
Жəне төсеп көк шалғын,
Жаз еркелей жүр қонып.
Көкірегінде жастардың
Жайдары ескен жыр болып…
Қай тарапты шолсаңыз,
Бəрінде сол жаз көркі.
Жуыспай тек тұр жалғыз
Алатаудың мұз бөркі.
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі