Мерген мінезі
Бұл бетте «Мерген мінезі» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғалым қандай сабырлы,
Қабақ шытпас саятта.
Суда талай сарылды,
Саптама етік аяқта.
Сараң басып кешкісін
Жағалауға қайтады ол;
Жай-жапсарын естірсің,
Жасырмай-ақ айтады ол:
Жыққан құсын қолынан,
Жел кетіпті жылжытып...
Таба алмапты соңынан,
Қойғандай-ақ көл жұтып.
– Кеткен шығар тіріліп?
– Бұққан шығар қамысқа?
Қояды ол бір күліп,
Ондай қалжың-қағысқа.
Ғалым жайын ұққанмын,
Мақтан сөзге тіпті олақ.
Таппаймыз тек жыққанын,
Байқағаным тек сол-ақ!..
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі