Сөз сабағы
Бұл бетте «Сөз сабағы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Желпиді таудан қоңыр жел,
Жып-жылы баяу дем алып.
Тани ма, бəлкім, туған жер,
Түн қата жүрген мені анық?
Көңліме қанық Ешкіөлмес,
Қараған емес маған жай:
Қиырдан қашан келсем кеш,
Тұрғаны күтіп анамдай.
Қабаттап жаулық ораған
Қалпы да қызық көргенге.
Жырымды арнап мен де оған,
Тербеймін жылытып кеудемде.
Шанамыз қарда шиқылдап,
Келеміз зырғып жоғары.
Жүрісі қызу шіркін ат,
Тоңдыра қойған жоқ əлі!..
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі