Ауыл арасында
Бұл бетте «Ауыл арасында» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адырларды сілкілеп
Азынаған ақ боран,
Арпалысы əлсіреп
Кезі еді сəл тоқтаған.
Шаналарды жай бұрып,
Қарда қалқи жөнелдік.
Кілең семіз сəйгүлік
Кідірмейді елең ғып.
Жел қайраған қар беті
Орай-орай көп өрнек.
Сонша қилы суретті
Қалай салған бедерлеп!
Қарға бірақ қарай ма,
Қарулы аттар күші артық.
Қалады тек маңайда,
Тер, қайыстың иісі аңқып.
Тайпалады қос қоңыр
Сұлу ұстап бастарын.
Жентек-жентек өңшең бір
Жамбастары ақ сабын.
Көңіл аулап сол жүріс,
Шайқаласың шанаңда.
«Судыраған ақ күміс
Жылтылдайды жағаңда»
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі