Шегі жоқ
Бұл бетте «Шегі жоқ» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шекарасы қайсы əлі,
Қатар жатқан екі елдің?
Құлпырған көк майсалы
Бəрі өзіңнің мекенің.
Бұрқырайды бірге аңқып
Гүл мəуенің исі де.
Сен де бəрін құмартып
Сіміресің сүйсіне.
Бар бітімі сабақтас,
Байыптасаң сəл тоқтап:
Аттары да тым ұқсас
Əлде Қасық, не Тоқпақ.
Шудан бірге ішеміз
Қасықпен де Шөмішпен1
Сусыны бір көшеміз
Жар секілді өбіскен.
Көлеңкесін ағаштың
Қатар тұрып жамылған,
Сол бір қимас жарастық
Шығар емес жадымнан.
Қырғыздарға өзім де,
Қонақпын ғой десем де,
Араласқан кезімде
Еркелеймін осы елге...
Күнде жарар керекке,
Ол бір дүние шегі жоқ.
Шын сүйіскен жүрекке
Өзге жолдың себі жоқ!..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі