Жер тынысы
Бұл бетте «Жер тынысы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалап қойған кітаптай,
Қалай тұтас жеріміз
Қатар өскен бұтақтай,
Қандай ұқсас еліміз!
Түзде толқи жарысқан
Ілеміз бен Шуымыз,
Күнде сусын алысқан
Бірге жатыр суымыз.
Шу бойында өскен ел
Секілді бір жұп жұлдыз:
Қатар тұрса, танып көр,
Кімі қазақ, кім қырғыз?
Қара қасы қиылған
Қастарыңда ұл мен қыз,
Қалай бірге жиылған
Өңкей өрім, алма жүз?
Жан-жүректі танысқан
Жəне жақын сырымыз;
Бірге тыныс алысқан
Жар секілді жырымыз.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі