Қос батыр

Бұл бетте «Қос батыр» атты Ғали Орманов жазған ерлік туралы өлең берілген.

Тамыз күні секілді
Тамылжыған жүздері,
Көңілім ширап бекиді
Көрген сайын сіздерді.
Егіз ұлдай ежелгі
Əлімқұл мен Оспанқұл,
Сүйсіндірген ел-елді
Өлеңдегі қос батыр.
Жырларыңыз біріксе,
Жұртқа мерей, досқа ақыл.
Жүзге дейін жігітше
Жондарыңды қос та тұр!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері