Аалыға
Бұл бетте «Аалыға» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Əсем тау алдымда, Аалы, тұр тағы да,
Бұл да бір маған тартқан кітабың ба?
Жеріңнің шежіресі жатыр ма екен,
Жинаулы не заманғы бұл томыңда?
Қараймын қилы-қилы жыр тауына,
Ғасырлар ізі жатыр əр табында,
Соларды жауға бермей, жатқа қимай,
Сақтапты туған елің ұрпағына.
Шерт, Аалы, таулар сырын аш аянбай,
Алдыңда телмірейін аш адамдай.
Қанайын қалың қырғыз жайына мен,
Қашаннан бірге өзіңмен жасағандай...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі