Он үшінші июнь

Бұл бетте «Он үшінші июнь» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаздың жақсы кезінде
Көріп пе еңдер декабрь?
Сол күн менің өзіме
Көрген түстей, əйтеуір...
Астық əрең Доланнан
Он үшінде июньнің,
Алай-түлей бораннан
Құты қашты киімнің...
Тау жайлаған қырғыздың
Халдері не үйінің?
Арасында шың-құздың
Жайын əбден түйіндім.
Машинаның əйнегін
Қаптағанмен қар сыбап,
Алды сипап сайда күн,
Аймалады бар шуақ.
Бұрқырағаи биікке
Көп қарадым бұрылып:
Малшы жүрген төңіректе
Боран əлі тұр ұлып...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері