Янги йер гүлі
Бұл бетте «Янги йер гүлі» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бізге ұландар гүл тартты,
Жүздерінен жыр ескен.
Өздері гүл сияқты
Осы өңірде жаңа өскен.
Мектебі де, бағы да
Жаралғандай бір күнде,
Жабырлап жан-жағыңда
Жастық біткен түр бірге.
Жаны қимас өрендей
Жəне ойлантты кетерде:
Жаңа туған өлеңдей
Жаздым соны дəптерге.
Жыр сықылды Янги йер
(Янги йер – жаңа жұрт, жаңа қоныс мағынасында; өзбектің Мырзашөлге орнаған жаңа қаласын осылай атайды.)
Қалар ұзақ жадымда.
Гүл бейнелі сəбилер
Күлімдесер алдымда.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі