Ортақ өмір өлеңі
Бұл бетте «Ортақ өмір өлеңі» атты Ғали Орманов жазған өмір туралы өлең берілген.
(Қазақ əдебиетінің досы – өзбек ақыны Міртемірге арнаймын).
Туысқандық белгісі –
Тұрағымыз бір жатқан.
Жырымыздың желісі
Бұлағымыз бірге аққан.
Арық алсақ өзеннен
Арнасы да бірге оның.
Қаламыз да безенген,
Қаламға ортақ жыры оның.
Кең өлкені тоғытқан
Кеңессек те Сыр жайын,
Сендерше өлең ағытқан
Толғанады Сырбайым.
Мақта жиса Мырзашөл
Өркеш-өркеш бұлтқа ұқсас,
Маржан таулы біздің жер
Жалғасып тұр тұп-тұтас.
Шыңнан өрген өзеннің
Шомылсақ та нұрына,
Қатар жүзіп ежелден
Қарқ боламыз жырына.
Айнымайды анардан
Жəне қызыл алмамыз.
Өңдері ұқсас жаралған
Қыз жүзіндей ол нағыз.
Жеріміздей тұтасып
Жырымыз да жалғасқан.
Сол бір терең сырластық
Елімізге жарасқан!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі